• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Қыркүйек, 2024

Қаза тапқан кеншілердің отбасыларына барлық көмек көрсетіледі – ШҚО әкімі

48 рет
көрсетілді

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев қаза тапқан кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО әкімі Ертіс шахтасында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына барып, көңіл айтты. Жұмысшылардың екеуі - «Шығыстүстімет» ЖШС қызметкерлері, екеуі - мердігер ұйымдардың қызметкерлері, тағы бір жұмысшы зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды.

Өңір басшысы Ермек Көшербаевтың айтуынша, қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі, бұл үшін ШҚО-да жедел штаб құрылған.

Қазір арнайы комиссия қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтауда.

ШҚО әкім Ермек Көшербаев шахтер кеншілер