• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
ЖОЛДАУ Бүгін, 15:45

Жолдауда елдің дамуы үшін ұтымды ұсыныстар айтылды - сенатор

37 рет
көрсетілді

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялады. Сенатор Геннадий Шиповских Жолдауда ұтымды ұсыныстар айтылғанын алға тартты, деп жазады Egemen.kz.

Геннадий Шиповских «Банктер» туралы жаңа заңды халық күткенін атап өтті. 

«Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Жолдау барысында мемлекетіміздің дамуына қатысты өте мықты ұсыныстар және тетіктер айтылды. Біріншіден, елімізге «Банктер» туралы жаңа заңның қажеттілігі. Менің ойымша бұл мәселе ел азаматтары үшін жауыр болды. Екіншіден, туристтік кластерді дамыту үшін жақсы инфрақұрылым әзірлеу. Шын мәнінде, бұл айтылған мәселе өте орынды. Біздің азаматтар немесе сырттан келген қонақтар туристтік аймаққа демалуға шыққан кезде, жолмен алыспай, әбіржімей, демалыстын не екенін сезіну керек! Үшіншіден, болашақта техникалық мамандықтарға байланысты жас мамандарды даярлау. Бұл бойынша біздің жүйеде үлкен кемшілік бар. Болашақта осы дүние бойынша елімізде маман дефицитін болдырмау үшін, біз қазірден мықты технологтар мен инженерлерді даярлауымыз керек», деді сенатор.

Сондай-ақ ол елімізде алдағы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялау қатардағы жұмысшылардың адал еңбегін  дәріптеуге зор ықпал ететінін айтты. 

«Төртінші қуанышты жаңалық - келесі жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялау. Бұл еңбек адамы үшін өте маңызды. Біз жұмысшы мамандықтарды құрметтеп қана қоймай, одан бөлек дәріптеуіміз де керек деп ойлаймын. Жалпы жолдауда еліміздің дамуына қатысты өте көп маңызды мәселелер қозғалды.  Енді алдағы уақытта осының барлығы іске асып жатса, ел игілігі үшін жасалар жақсылықтар көп болады», деді Геннадий Шиповских.