• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Президент 02 Қыркүйек, 2024

Президент То Ламды Вьетнам Социалистік Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады

101 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент То Ламды Вьетнам Социалистік Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан Президенті өз жеделхатында Вьетнамның өркендеген мемлекет және үйлесімді қоғам құру жолында айтарлықтай жетістікке жеткенін атап өтті. Мемлекет басшысы екі ел арасында өзара сенім мен серіктестікке негізделген достық байланыс орнағанына тоқталды. Сонымен қатар елдеріміздің игілігі жолында нәтижелі ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілді екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Вьетнам халқына бақ-береке тіледі.