• RUB:
    5.27
  • USD:
    480.63
  • EUR:
    535.13
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Қыркүйек, 2024

Қарағандыда 6 көлік соқтығысты, бір адам қаза тапты

50 рет
көрсетілді

Қарағандыда 6 көлік соқтығысқан жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Апат салдарынан бір адам қаза тапты.

Қарағандыдағы Аманжолов көшесінде жаппай жол апаты болды.

Әлеуметтік желіде оқиғаның кадрлары пайда болды. Бейнежазбада сынған және бүлінген көліктерді көруге болады. Оқиғаның куәгері соқтығыс кезінде зардап шеккендердің бірі көліктен ұшып кеткенін айтады.

Оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

- Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізіліп, жағдай анықталып жатыр. Қарағанды облысының ПД жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимінен аспауға шақырады, - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар