Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент сессиясының ашылуында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады.
Жолдауда көтерілген мәселелер – ақша-несие және фискалды саясат арасындағы үйлесімсіздік, инвестициялық ахуал мен бизнеске жағдай жасауды одан әрі жетілдіру, өнеркәсіп және инфрақұрылым мәселелері, кадрлық әлеуетті арттыру, ұлт саулығын нығайту, экологиялық ахуал мен мемлекеттік басқару ісі, сонымен қатар қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажеттігі де – негізгі мәселе. Байқап отырғандарыңыздай, көтерілген ойлар ауқымды, мазмұны жағынан әр тарапты.
Бастысы халық үніне құлақ түріп, АЭС салу мәселесін жалпыхалықтық референдумда шешу, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін толығымен жалпы сайлау арқылы жүзеге асыру қоғамда саяси белсенділікті арттырары сөзсіз.
Ал қарапайым жұмысшы мамандығы мәртебесін арттыру бағытында келер жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялау ұсынымы, Салық кодексін асықпай, жан-жақты талқылап, қабылдау мерзімін шегеру және банктер туралы жаңа заңды қабылдауды тапсыру, басты мақсат – азаматтардың табысын арттыру екендігін айқындау сияқты шешімдер халықтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің шешілуіне негіз боларына сенімдіміз.
Амангелді ТОЛАМИСОВ,
Сенат депутаты