• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Мектеп 03 Қыркүйек, 2024

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасына 2,3 трлн теңге бөлінді

113 рет
көрсетілді

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының орынды жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында Қаржылық мониторинг агенттігі «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-мен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚМА Төрағасы Дмитрий Малахов Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында орта білім беру сапасын арттыруға және өскелең ұрпақты оқыту мен жан-жақты дамыту үшін лайықты жағдайлар жасауға ерекше назар аударғанын атап өтті.

Бұл міндетті орындау үшін «Жайлы мектеп» ауқымды жобасы іске асырылып жатыр, бұл мақсатқа 2,3 трлн теңге бөлінді.

Заманауи талаптарға сай келетін 369 мектеп салу жоспарланып отыр.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов жобаның іске асырылу мәртебесі, оны цифрландыру кезеңдері және сапалы орындалуын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Кездесу қорытындысы бойынша экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірлесіп жұмыс жасау мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.