• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Заң 03 Қыркүйек, 2024

Мемлекет резервіндегі астықты жымқырған шенеунік жазаланды

77 рет
көрсетілді

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Астық қоймалары» ЖШС, «№2 Нан базасы» және «№5 Нан базасы» өкілдіктерінің бұрынғы директоры М.Е.Жүсіповке қатысты үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz.

Сотталушы мемлекеттік резервтік қордағы жалпы құны 160 млн теңгеден астам сомманың азық-түлігін жымқырған. Сонымен қатар 996 тонна мөлшеріндегі азық-түліктің бүлінуіне жол бергені дәлелденген.

Сот айыпталушының мүлкін тәркілеп, 8 жыл 5 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Одан бөлек сот оны мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан да айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.