• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Қыркүйек, 2024

Алматы облысында Іле ауданының әкімі ұсталды

95 рет
көрсетілді

Бүгін Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев қызмет бабын және өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу аясында Алматы облысының аудан әкімі мен басқа да тұлғалардың әшкереленгенін растайды. Соттың рұқсатымен күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының шеңберінде өзге мәліметтер жариялануға жатпайды», деп хабарлады ведомство өкілдері.

60 жастағы Бағдат Қарасаев 2018 жылдың қыркүйегінен бастап Іле ауданының әкімі қызметін атқарған. Бұған дейін Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болған.