Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, республиканың басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды:
«Республиканың солтүстігі мен шығысында өткінші жаңбыр жауады. 7 қыркүйекте түнде республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша түнде және таңертең солтүстік және шығыс аймақтарда жел күшейеді, ал топырақ бетінде -2°C үсік жүреді», деп хабарлады синоптиктер.
Болжам бойынша, Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.