• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Қыркүйек, 2024

Бұрынғы уақыт белдеуіне оралу мәселесі қайта қарала ма

87 рет
көрсетілді

Қазақстан осы жылдың 1 наурызынан бастап бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Десе де қоғамда бұрынғы уақытты кері қайтару мәселесі қызу талқыланып, петиция да жарияланған еді, деп жазады Egemen.kz.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін көпшіліктің көкейіндегі: «Бұрынғы уақыт белдеуі қайтарыла ма?» деген сауалға жауап берді. 

Министрдің айтуынша, бұл мәселе 3 жылдан кейін ғана қарастырылады.

«Уақыт белдеуінің адам ағзасына әсері алдағы 3 жылда зерттеледі. Денсаулық сақтау министрлігі қосымша зерттеу жүргізеді», деді Арман Шаққалиев. 

Бұған дейін министрлік бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы 50 мың қол жиналған петицияны қабылдаудан бас тартқан еді.