• RUB:
    5.41
  • USD:
    483.57
  • EUR:
    534.49
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 10:04

Қазақстанда алғаш рет стенд атудан Азия Кубогі өтеді

33 рет
көрсетілді

20-30 қыркүйек аралығында Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы ату клубында стенд атудан Азия Кубогі өтеді. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Құрлықтық бәсекеде Азияның 40 елінен 500-ден астам спортшы жүлдеге таласады. 

Халықаралық турнир ату спортының танымалдығын арттыру,  спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру, спортшылардың рейтингін анықтау, жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. 

Айта кетейік, Парижде өткен Олимпиадада осы спорт  түрінен ел намысын үш атлет қорғады. Өкінішке қарай, мергендер төртжылдықтың басты додасын жүлдесіз аяқтады.