• RUB:
    5.41
  • USD:
    483.57
  • EUR:
    534.49
Басты сайтқа өту
Күрес Бүгін, 15:00

Қазақ балуаны грек-рим күресінен Әлем чемпионы атанды

60 рет
көрсетілді

Қазақстан балуаны 20 жасқа дейінгілер арасында Әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Грек-рим күресінен Ислам Евлоев (82 келіге дейінгі салмақта) және түркиялық  Альперен Белберді (әлемдік рейтингте 7-орында тұрған балуан) финалда кездесіп, отандасымыз түрік балуанын айқын басымдықпен (9:3) жеңіп, алтын медаль алды. Одан  бөлек, Қазақстан спортшыларынан Юсуф Ашрапов (67 келі) күміс медаль иегері болса, Айбек Айтбеков (55 келі), Оңдасын Хамитов (60 келі) Темірлан Тұрдақын (87 келі) қола жүлделерге қол жеткізді. Понтеведре (Испания) қаласындағы Әлем чемпионатында Қазақстан командасы грек-рим күресі бойынша 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медальдармен доданы тәмамдады.