• RUB:
    5.41
  • USD:
    483.57
  • EUR:
    534.49
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 15:01

V дүниежүзілік көшпенділер ойындары:72 медаль жиынтығы сарапқа салынады

25 рет
көрсетілді

Астанада 8 - 13 қыркүйек аралығында өтетін V дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы үлестіріледі, деп жазады Egemen.kz.

Бұл туралы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте айтты.

V дүниежүзілік көшпелілер ойындарындағы жарыстарға 89 елден 2430 қатысушы тіркелген. Оның ішінде, жаттықтырушылар, спортшылар, мәдени және ғылыми жобаларға қатысатын адамдар да бар. 

«Ғылыми бағдарламаға 12 елден 75 қатысушы тіркелген. Конференция 9 қыркүйек күні өтеді. Ал этноауылда 100-ден астам мәдени іс-шара ұйымдастырылады. 72 жиынтықты құрайтын  581 медаль табысталады», деді Абылай Қондыбаев.

Жеңімпаздарға берілетін жалпы жүлде қоры 250 млн теңге.

Айта кетейік, көшпенділер ойындарына 560 спорттық ат пен 45-ке жуық құс қатысады.