Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асырылуының маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. Жоба аясында «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамына аса үлкен жауапкершілік жүктелді.
Бүгінгі таңда біз жобаның соңғы кезеңіне ақырын өтіп жатырмыз. Бірінші қыркүйекте алғашқы мектептерді қолданысқа тапсырып бастадық. Қазір еліміздегі басқа нысандарда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Аталған нысандарды жылдың аяғына дейін тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз.
Жергілікті билік өкілдері әрі мердігер ұйымдармен үнемі байланыста отырып, жүктелген міндеттердің сапалы әрі уақтылы орындалуын бақылауда ұстап отырмыз.
Атқарылған жұмыстың нәтижесін қарапайым халық пен келешек ұрпақ бағалайтыны белгілі. Мемлекет басшысы Жолдауда «2025 жылдың соңына дейін заманауи үлгідегі 217 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Осы өте маңызды жұмысты «Самұрық-Қазына» қоры қадағалап отыр. Үкімет пен әкімдер бұл шаруаға белсене атсалысуға тиіс» деген еді. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ стратегиялық тұрғыдан еліміз үшін өте маңызды «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының әр кезеңінің сәйкес деңгейде тыңғылықты орындалып, сәтті аяқталуы үшін қолдан келгеннің барлығын жасайды. Жобаның сапалы әрі уақытылы тапсырылу жолындағы министрліктер мен жергілікті әкімшіліктермен жұмыла атқарған жұмыстың, бақылаудың болуы, әрі халықтың үздіксіз кері байланысы ісіміздің дұрыс бағытта жүруіне жағдай туғызып отырғанын атап өткен жөн.
Мәулен Айманбетов,
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы