• RUB:
    5.35
  • USD:
    482.94
  • EUR:
    535.97
Басты сайтқа өту
ЖОЛДАУ Бүгін, 08:25

Жауынгер үшін жауаптымыз

16 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында еліміздің даму бағыттары айқындала түсті.

Президент соңғы бес жылда елімізде ауқымды реформа жасалғанын, еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгергенін айтты. Жолдауда негізгі басымдық ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы сәйкессіздікті жою, инвестициялық ахуал, бизнес жүргізуге қажетті жағдай жасау, еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану, инфра­құры­лымға қатысты өзекті мәселелер­ді шешу, еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп жақсарту, ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алу, экологиялық ақуалды жақсарту, мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру, қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру секілді ел тағдыры үшін маңызды мәселелерге берілді.

Сонымен бірге Президент әскер қатарындағы заң мен тәртіптің сақталуына да назар аударды. «Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы айрықша маңызды міндет. Жастар әскерге Оан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында ең алдымен, темірдей тәртіп болуы тиіс. Қарулы күштер, басқа да күштік құрлымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет. Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылығы жауапты», деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Ұлттық ұлан әскер­лерінің алдында зор міндет тұр. Ең бастысы – мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқығын қорғау, қала көшелеріндегі заң мен тәртіпті сақтау жолында жауынгерлік әзірлікті одан әрі күшейте түсуіміз қажет. Ол үшін Ұлттық ұлан әскерлерінің әр әскери қызметшісі өзінің жеке жауапкершілігін арттырып, кәсіби шеберлігін пысықтап, әскери өмірде заң мен тәртіпті қатаң сақтауды естен шығармауы керек.

 

Бекайдар ҚАЗКЕЕВ,

Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшысы, генерал-майор