• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Алматы 06 Қыркүйек, 2024

Сапамен сәйкеспейтін құжаттар күшін жойды

49 рет
көрсетілді

Кейінгі жарты жылдың ғана аясында Алматы қалалық Техникалық реттеу департаментіне сәйкестікті растайтын 258 құжаттың күшін жоюға тура келді. Бұл деректерді Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қалалық департаментінің, «ҚазСтандарт» РМК-ның Алматы қаласы мен Алматы облысындағы, сондай-ақ Ұлттық аккредиттеу орталығының өкілдері мәлімдеп отыр.

Кез келген өнімнің сапасы, ең алдымен, оны қамтамасыз етудің әмбебап құралы сапа стан­дарттармен өлшенеді десек, «Қаз­Стандарт» РМК отандық өнімдер мен қызметтердің сапасын көтеруге, қоғамның ұлт­тық стандарттау жүйесіне деген сенімін арттыруға, жоғары ғы­лыми-техникалық деңгейде қызмет көрсету арқылы өлшем бірлі­гін қамтамасыз етуге қызмет ететінін айту керек.

Мысалы, ӨКҚ алаңында «ҚазСтандарт» РМК Алматы қаласы және Алматы облыстық филиа­лының директоры Дәурен Сәрсенбаев осы мекемеде филиал­ға жүктелген жұмыс­тар­дың ауқым­ды бөлігін атқарып отырған 18 ма­ман бар екенін атап өтті. Сапа стандарттарын өлшеудің 10 түрі бойынша аккредиттелген екі зертхана бар болса, бұл – салыс­тырып тексеру және калибрлеу зертханалары.

Мәселен, метрология құрал­дарын қолдану (өлшеу нәтиже­лерін тану үшін тексеру, калибр­леу, қадағалау) ақаулы өнімді шығаруға байланысты қаржылық шығындардың азаюына ықпал ете отырып, өнім сапасын жақсартып қана қоймай, өзіндік құнын да төмендетеді.

«Бұл әрекеттердің бәрі де отандық өнімнің бәсекеге қабілет­ті­лігін арттыруға, сауда-саттықты жан­дандырып, саудадағы техни­калық кедергілерді жоюға әрі әлем­дік нарыққа шығуға ықпал етеді», дейді Д.Сәрсенбаев.

Қазіргі уақытта «КазСтандарт» сайтында 2025 жылға арналған Ұлттық жоспардың жобасы орна­ластырылған, оған 378 стандарт енгізілген. Негізгі бағыттар: өнеркәсіп, құрылыс, қызмет көрсету, цифрландыру, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған стандарттар сынды болып келеді.

Осы орайда стандарттардың жобаларын әзірлеу, талқылау, жос­парлау үдерісі ашық екенін, бұл іске бейжай қарамайтын әрбір азамат өз көзқарасы мен өз ұстанымын білдіре алатынын, яғни барлық стандарт ортақ мәмілелер негізінде қабыл­да­на­ты­нын еске сала кеткен жөн.

Мәселен, биыл филиал қыз­мет­­керлері өңірлердегі 38 кә­сіпорынға барып, 5 дөңгелек үстел, 9 оқыту курстары мен семи­нар­лар ұйымдастырып, 3597 нор­ма­тивтік құжаттарды өзек­тен­діру ісін жүргізген.

Біз жоғарыда тауарлардан бө­лек, халыққа көрсетілетін қыз­метке де сапа стандарттары талап етіле­тініне тоқталған болсақ, мү­ге­дек жандарды әлеуметтік тұр­­ғыда қолдаудың тиімді жүйе­сін құрудың бір тетігі осы сапа мәселесіне барып тіреледі.

Инфрақұрылым объектілері мен қаржы ұйымдары бөлімше­ле­рінің мүгедектігі барлар мен жүріп-тұруы қиын жандарға қызмет көрсетуін, сондай-ақ құлағы нашар еститіндерге ымдау тілін жақсарту мақсатында биыл ақпан айында 2023 жылы «ҚазСтандарт» РМК әзірлеп, 2024 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген ұлттық стандарттар туралы дөңгелек үстел өткізілген еді.

Бұл стандарттар инфрақұры­лым нысандарының қолжетім­ді­лі­гінен және мүмкіндігі шектеулі клиенттерге қызмет көрсетудің арнайы шарттарынан бастап, лингвистикалық құзыреттілікке, әртүрлі диалектіге, ымдау тілі­нің стильдеріне ие аудар­ма­шы­ларға қойылатын нақты талаптарды белгілейді.

Ал жоғарыдағы сапа стандарттары үдесінен шыға алмаған, күшін жойған 258 құжат мәселе­сіне қайта оралатын болсақ, Алматы қалалық Техникалық рет­теу департаменті 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 417 тексеру жүргізсе, оның 96%-ы техникалық реттеу және аккредиттеу саласындағы заңнаманы бұз­ғанын анықтап отыр. Тексеру нәтижесінде құрылыс материалдарына, электр және өнеркәсіптік тауарларға, сондай-ақ көлік құралдарына қатысты 258 сәй­кес­тік­ті растау құжаттары жо­йылды. Нәтижесінде, 27,1 млн теңгеден астам сомаға әкім­ші­лік айып­пұл­дар салынып, сегіз субъек­тіні аккредиттеу аттестатта­ры тоқта­тылды.

Осы мәселеге орай Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және мет­ро­логия комитетінің Алматы қала­лық департаментінің басшысы Қанат Қабылбеков Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 8 аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестаттарын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, 15 807 298 теңге мөлшерінде әкімшілік айып­пұл салынғанын мәлімдеді.

Бүгінгі таңда Департамент субъектіге (объектіге) бармай-ақ, 359 профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу арқылы барлық 359 жағдайда заңнаманы бұзу фактілерін анықтап отыр.

Мемлекеттік бақылау бағалы металдар мен асыл тастар­дан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың дел­дал­дарын, сондай-ақ аккредиттеу субъек­тілерін, мұнай өнім­де­рін, көлік құралдарының қосалқы бөлшектерін, электр және өнер­кәсіп­тік тауарларды жеткізушілер мен өткізу­­шілерді айналып өтпей­ді.

Сол сияқты Алматы қаласы мен қала аудандарының прокуратура­сымен өлшем бірлігін қамта­масыз ету саласындағы заңнаманың талаптарын сақтау тұрғысынан 21 бірлескен тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде 19 жағдайда белгіленген тәртіппен тексеруден өтпеген өлшем құралдары қолданылғаны анықталса, бұл «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңның 19-бабын өрескел бұзу саналады. Барлығы 2500 өлшем құралы тексерілді, оның ішінде 247 өлшем құралы қолдануға жарамсыз деп танылды.

Мәселен, 2024 жылы Депар­тамент атына жеке және заңды тұлғалардан өнімнің сәйкестігін растауды, техникалық реттеу мен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы түсіндіру жөнінде 679 өтініш келіп түскен. Осы 218 өтініштің 56-сы тиісті мемлекеттік мекемелерге аттандырылса, 162-сін Департамент қарады. Сонымен Алматы қаласындағы аккредит­теу департаменті «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында баға беру үшін 225 тексеру жүргізіліп, оның 124-і жоспарлы, қалған 101-і өтініш берушілердің тұрғылықты жері бойынша тексерілген.

 

АЛМАТЫ