• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Технология 06 Қыркүйек, 2024

Керек дерек

33 рет
көрсетілді

Елімізде енді ұялы байланыс қызметтеріне қосылу және интернетке қол жеткізу үшін «Face ID» талап етіледі. Бұл туралы Цифрлық даму министрлігі «Ашық НҚА» порталында мәлімдеді.

Азаматтық кодекстің 397-бабына сәйкес, кез келген  абонент биометриялық деректерді ұсынуы тиіс. Бұл қадам – алаяқтардың жолын кесуге септігін тигізеді. Айта кетейік, «Face ID» нөмірді басқа операторға ауыстыратын кезде де сұралады.

Сондай-ақ қоғамдық орындарда интернетке кіру үшін SMS немесе қоңырау арқылы берілетін бірреттік парольдер енгізіледі. Еске салайық, желіге оператордың қосымшасы арқылы сканерленген сәйкестендіру құжаттары арқылы да кіруге болады.

Авторизацияға рұқсат беру әдістері: eGov-пен байланыс; биометрия; банк картасының нөмірі арқылы растау; оператордың қосымшасы арқылы құжатты сканерлеу; әлеуметтік желілердегі аккаунттар; растау электрондық поштасы.

Бұл шаралар қауіпсіздікті күшейтуге әрі пайдаланушыларды сәйкестендіру үдерісін жеңілдетуге бағытталған. Дегенмен биометриялық деректерді жинаудың кеңеюімен жеке ақпаратты қорғау қажеттілігі де арта түсетінін ескерген жөн.