6 қыркүйек күні Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында 7 отандасымыз 3 спорт түрінен жарыс жолына шығады, деп жазады Egemen.kz.
Бүгінгі жарыс күнін пара жүзушілер бастайды. 12:45-те Сиязбек Дәлиев бақ сынаса, 14: 11-де Зүлфия Ғабдуллина жүлдеге таласады. Бұл сынның финалдық кезеңі 20:52, 22: 57-ге жоспарланған.
Пара дзюдодан Ерғали Шәмей франциялық Арминдо Родригес, жапониялық Юджи Катомен шеберлік байқасады. (13:00, финал: 19:00).
Даяна Федосова бразилиялық Да Силва Тейшекра Араухоға қарса белдеседі. (13:00, финал: 19:00).
Пара дзюдодан тағы бір спортшымыз Аяла Мереке жапониялық Казуса Огавамен күш сынасады. (13:00, финал: 19:00).
Ал пара каноэден ел намысын Бейбарыс Сыпатай (13:10), Жаңыл Балтабаева (13:30) қорғайды.
Отандастарымыз қатысатын сайыстарды Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.