• RUB:
    5.35
  • USD:
    482.94
  • EUR:
    535.97
Басты сайтқа өту
Таным Бүгін, 09:57

Ғалам ғажаптары: Су велосипеді

37 рет
көрсетілді

Француздық «Seabike» компаниясы адамға жү­зу­ге көмектесетін құ­рыл­ғы жасады. Оны су астын­дағы велосипед десек те болады.

Тамаша өнертабыс суға батып кетуден сақтайды. «Seabike» тірегін қалаған ұзындыққа ұзартып, белдікпен белге байлап, педальдарын аяққа бекітіп, иінді айналдырады. Сонда жылдамдығы жоғары су көлігі жылжи түседі. Ең бастысы, бұл құрылғыны қуаттаудың қажеті жоқ. Мұндай велосипедпен қозғалтқышы бар сүңгуір қайықтай су бетінде немесе су астында жеңіл сырғанайсыз.

 

Жолы болғыш жігіттің...

Аустралиялық Билл Морган жол апатына түскен. Мұндай жол апатынан әдетте адамдар тіл тартпай кетеді. Ол да сөйтті...

Морган да қайтыс болғандар қатарына енген еді. Бірақ бар-жоғы 14 минуттан кейін ол өмірге қайта оралды. 12 күн комада жатты, тірі қалды. Өмірге «екінші рет келгенін» тойламақ болған ол лотерея билетін сатып алады. Лотереядан 17 мың доллар тұратын көлік ұтып алады. Жергілікті телеарна оны эфирге шақырып, сұхбат уақытында лотерея ойнауды ұсынады. Билл эфир кезінде тағы да 250 мың долларға иелік етеді.

 

Ерекше поэма

Үш мыңға жуық әдіспен оқылатын поэма бар. Жазылуы да, оқылуы да қызық.

IV ғасырда өмір сүрген қытайлық ақын Су Хуэй 29×29 көлемдегі палиндром поэмасын жазған. Оны оңнан солға, көлденеңінен, тігінен, диагональ бойынша да оқуға болады. Одан бөлек, оқудың 2848 әдісі бар. Мағынасы мен мазмұны да өзгеріп отырады.