• RUB:
    5.35
  • USD:
    482.94
  • EUR:
    535.97
Басты сайтқа өту
Футбол Бүгін, 11:38

Ұлттар лигасы: Қазақстан әлемдік футбол жұлдызы Холандтың құрамасына қарсы ойнайды

41 рет
көрсетілді

Бүгін УЕФА Ұлттар лигасы аясында Қазақстан Норвегияға қарсы жасыл алаңға шығады. Құрамалар арасындағы ойын Алматыдағы Орталық стадионда өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттар лигасындағы Қазақстанмен бір топта Норвегиядан бөлек, Австрия мен Словения құрамалары бар.

6 қыркүйек екі ел арасындағы матч 19:00-де басталады. Норвегия сапында әлемдік футбол жұлдыздары Эрлинг Холанд пен Мартин Эдегор өнер көрсететін ойынды Qazsport арнасы тікелей эфирде ұсынады.

Айта кетейік, қос команда бірінші рет өзара шеберлік байқасады. Бұл ойынға ел футболшыларын  Станислав Черчесов бастап шығады.

Қазақстан осы лигада доп тебу мүмкіндігін 2022-2023 жылғы маусымда C лигасында Әзербайжан, Словакия, Беларусьтен айласын асырғаннан кейін иеленді.