«Қазгидромет» синоптиктері алдағы демалыс күндері - 7 және 8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мамандар Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталатынын ескертті.
Мәселен, оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 7 қыркүйекте республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Ал елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр мен қар жауады.
Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Одан бөлек, ел бойынша жел күшейеді.Түнде және таңертең солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда тұман түседі.
«7 қыркүйекте солтүстікте, шығыста және орталықта, 8 қыркүйекте Қостанай облысында, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда топырақ бетінде 3 градусқа дейін үсік жүреді», деп ескертті синоптиктер.