• RUB:
    5.36
  • USD:
    480.55
  • EUR:
    533.75
Басты сайтқа өту
Спорт Кеше

Даяна Федосова - Паралимпиаданың қола жүлдегері

39 рет
көрсетілді

J2 санаты бойынша отандасымыз ел қоржынына кезекті жүлдені салды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Даяна Федосова (57 келі) белдесуде Түркия өкілі Дёндю Ешилюртты айқын жеңіп, қола жүлдеге қол жеткізді.   «Пара дзюдодан әлем чемпионаты мен Азия ойындарының қола жүлдегері Даяна Федосова бұл жолы да жанкүйерлерді жеңісімен қуантып, Паралимпиаданың қола медалін олжалады. Бұл – пара дзюдодан ұлттық құрама спортшыларының Парижде жеңіп алған екінші медалы. Кеше Ақмарал Науатбек Парижде Әнұранымызды шырқатып, ел мерейін өсірген еді. Даянаны Паралимпия ойындарының жүлдегері атануымен шын жүректен құттықтаймын! Алдағы уақытта бұдан да жоғары жетістіктерге жетуіне тілектеспін», деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Айта кетсек, 2021 жылы Токио Паралимпиадасына қатысқан Даяна Федосова жүлдеге сәл жетпей қалған еді.