• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Таным 07 Қыркүйек, 2024

Ғалам ғажаптары: Робот та самғайды

120 рет
көрсетілді

Италия ғалымдары ұшатын робот жасады. Адамнан аумайтын құрылғыға 4 реактивті қозғалт­қыш орнатылған. Екеуі арқасында, екеуі қолдарында тұр.

Роботтың салмағы 70 кило. Болашақта құтқарушыларға септігін тигізеді деп отыр ғалымдар. «Роботты табиғат апаттары кезінде қолдануға болады. Өйткені адамдардың қатынауына, не жұмыс істеуіне қиын аймақтар болады. Сонда технологияны қашықтан басқара аламыз. Сөйтіп, робот іздестіру-құтқару операцияларына қатысып, тірі қалған адамдардың жағдайы туралы мәлімет жинай алады», дейді жоба жетекшісі Даниэль Пуччи.

 

Ұшуы ерекше құс

Табиғат құстарға ұшу ерекшелігін сыйлаған. Соған қарап адамзат небір өнертабыс жасады. Ал құс­тардың біз білмейтін өзге де  ұшу әдістері бар екен.

Бирмингем тұқымының көгер­шіндері көкке көтерілгенде бір рет емес, бір­неше рет айналады екен. Ғалымдар мұның себебін әлі тапқан жоқ. Әртүрлі шебер қимыл жасап, еркін самғай алатын бұл құс көпшілік назарын да жақсы көреді. Қолға түспеуге тырысады. Бар өнерін ашық аспан астында көрсетеді.

 

Тудың ең жас авторы

АҚШ-тың ең үлкен штаты Аляс­каның жалауының нобайын небәрі 13 жас­тағы бала жасаған.

1926 жылы Аляска губернаторы Джордж Паркс 7 мен 13 жас аралы­ғын­дағы балаларға арнап байқау ұйым­дастырды. Оларға жалаудың нобайын сызу тапсырылады. Байқау нәтижесінде 13 жастағы Аляска тұрғыны Бенни Бенсонның жобасы үздік деп танылады. Халыққа ұнағаны сонша, осы нобай өңірдің туына айналады.