• RUB:
    5.27
  • USD:
    480.63
  • EUR:
    535.13
Басты сайтқа өту
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 09 Қыркүйек, 2024

Қазақстан көкпаршылары Өзбекстан құрамасын ірі есеппен жеңді

218 рет
көрсетілді

Елордада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.

Ел қоржынындағы алғашқы жеңісті көкпаршылар тіркеді. Қазанат ипподромында өткен тартысты бәсекеде ұлттық құрама Өзбекстан шабандоздарынан басым екенін дәлелдеді. Қазақстан пайдасына 16 - 0 есебі тіркелді. 

Көкпар сайысында құрама жігіттері сауатты тактика жүргізіп, қарсыластарына салым салуға мүмкіндік бермеді. Осылайша Қазақстан құрамасы А тобындағы көкпардың бірінші іріктеу кезеңінде жеңіске жетті.

Айта кетейік, көкпардан 9 мемлекеттің спортшылары өзара мықтыны анықтайды. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы қатысады.

Соңғы жаңалықтар