• RUB:
    5.36
  • USD:
    480.55
  • EUR:
    533.75
Басты сайтқа өту
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Бүгін, 11:58

Көшпелілер ойындарының алғашқы «алтыны» кімге бұйырды

68 рет
көрсетілді

V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында жамбы ату спорт түрінің жеңімпаздары анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Мажар стилінде жамбы ату сайыстары кеше, 8 қыркүйек күні басталған еді. Бүгін осы спорт түрінен медаль иегерлері анықталды. 

Жарыс нәтижесі бойынша, Астанада өтіп жатқан көшпелілер ойындарының алғашқы алтын жүлдесі Франция мемлекетінің еншісіне бұйырды. Осы елден бақ сынаған спортшы Рафаэль Малет алғашқы алтын медальді жеңіп алды.

Ал күміс жүлдені моңғолиялық Алтануяг Нэргүй иеленді.

Қола жүлдені де француз спортшысы Гаэтан Бло қанжығалады. 

Қазақстан құрамасының намысын қорғаған Абзал Тұлыбеков үздік бестіктен көрінді.