Бүгін сағат 9:20-да қаланың Наурызбай ауданы, Ташкент тас жолы, 17/1 мекенжайы бойынша хабарлама түсіп, сол бойынша келген ТЖД бірден жұмыс істемейтін үй-жайдың шатырынан ломбард шатырына таралған өрттің 100 шаршы метр аумақты шарпығанын анықтаған. Аталған аумақ сауда орындарына іргелес болғандықтан 48 өрт сөндіруші және 14 бірлік техника жіберілген, өрт тез оқшауланғандықтан техниканың басым бөлігі қайтарылған.
Алматы қаласының ТЖД хабарламасында: «Оқиға орнынан 1 газ баллоны (50л) шығарылды. 15 минуттың ішінде өрт оқшауланып, 9:48-де жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр», делінген.