Бүгін этноауыл аумағында Дүниежүзілік көшпелілер ойындары аясында аударыспақтан жарыс басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аударыспақ аламанына 9 елден 64 спортшы қатысып жатыр. Олардың қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Ресей, Қытай, АҚШ, Түркия және Венгрия бар.
Ат үстіндегі айқаста қарсыластарын алып ұрған Қазақстанның үш спортшысы финалға жолдама алды:
Ермек Құралбай (60 келі); Алмат Ләптібек (70 келі); Дарын Өткелбай (80 келі).Еске сала кетейік, бүгін, 9 қыркүйекте Астанадағы Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында дәстүрлі спорт түрлерінен жарыстар өтеді.