Батыс Қазақстан облысында 47 жылқы тиеген жүк көлігі тоқтатылған. Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушінің жылқыларды рұқсатсыз алып бара жатқанын анықтаған, деп жазады Egemen.kz.
Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінен мәлім болғандай, Шыңғырлау ауданы аумағындағы Самара-Шымкент күре жолында тоқтатылған «Вольво» жүк көлігінің жүргізушісінде тасымалдау құжаттары болмай шыққан.
Ведомство мәлімдемесінде: «Аталған дерек бойынша материал жинақталып, шешім қабылданып, жауапкершілікке тарту үшін ветеринарлық инспекцияға берілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», делінген.