Бүгін Орал қаласының Қ.Аманжолов көшесінің 89 аумағында кезекті экоакция өткізіліп, оған еріктілер, жастар, қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше бүгінге дейін «Таза Қазақстан» акциясы аясында өңірде 48 мыңнан астам ағаш отырғызылған. 72 мың жеке аула және 2508 көпқабатты үйлердің аумақтары, 231 саябақ пен алаң, 181 су объектілері (оның ішінде өзен-көлдер мен жасанды су қоймалары) тазаланды.
Экоакция шеңберінде 1221 әлеуметтік және 3000-нан астам өнеркәсіптік объектілердің аумақтары, 621 тарихи-мәдени ескерткіштер алаңқайлары тазартылып, 1302 техникамен 52 мың тонна тұрмыстық қалдық арнайы полигондарға апарылып төгілген.