• RUB:
    5.36
  • USD:
    480.55
  • EUR:
    533.75
Басты сайтқа өту
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Бүгін, 16:21

Көшпелілер ойындары: Қазақстан қоржынына аударыспақтан алтын медаль түсті

111 рет
көрсетілді

Аударыспақтан 60 келі салмақта  бақ сынаған Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Ермек Құралбай алтын медаль еншіледі. Бұл туралы «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ермек Құралбай жауапты кезеңде қырғыз спортшысынан басым түсті. 

«Жақсы дайындықпен келдім. Финалдағы қарсыласым – былтыр ат үстіндегі күрестен 60 келіде чемпион болған қырғыз палуаны. Ел намысын қорғап, бірінші орын аламыз деп үміттенген едім. Сенімді ақтағаныма қуаныштымын», деді Ермек Құралбай.

Айта кетейік, аударыспақтан сайыстар «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатыр. Бұл бәсекеде 9 елден келген 64 спортшы жүлдеге таласады.