Елордада өтіп жатқан көшпелілер ойындарында ел спортшылары аударыспақтан тағы 2 алтын медаль олжалады, деп жазады Egemen.kz.
Аударыспақтан 70 келі салмақта сынға түскен Алмат Ләтіпбек жеңімпаз атанып, алтын медаль олжалады.
Сондай-ақ 80 келі салмақта сынға түскен Дарын Өткелбай да алтыннан алқа тақты.
Бұған дейін 60 келі салмақта сынға түскен Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Ермек Құралбайдың алғашқы алтынды жеңіп алғанын хабарлаған едік.