• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 09 Қыркүйек, 2024

Данияр Сарекенов Қазақстанның Словениядағы елшісі болып тағайындалды

75 рет
көрсетілді

Данияр Сарекенов Қазақстанның Словениядағы елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды»,  делінген Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Данияр Сарекенов Қазақстан Сыртқы істер министрлігі құрылымында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 2007-2011 жылдары Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінің кеңесшісі, министр-кеңесшісі болды. 2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаменті директорының орынбасары, 2013 жылы Қазақстанның Малайзиядағы Елшілігінің Министр-кеңесшісі, 2013-2019 жылдары Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі болды. 2019 жылдың мамырында ол Индонезиядағы елші болды.