• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 10 Қыркүйек, 2024

Ат үстіндегі тартыс

65 рет
көрсетілді

«Қазанат» ипподромының маңынан ірге тепкен этноауылда аударыспақтан Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының тартысы басталды. 9 мемлекеттен атан жілік, апайтөс толағайлар қатысуға ықылас танытқан додада балуандарымыз барын салуға білек сыбанып отыр.

Қырғызстан, Өз­бек­стан, Моңғолия, Түркия, Мажарстан, Қытай, АҚШ және Ресейден келген спортшылардың осалы жоқ. Десе де ұлттық құра­ма­дағы Ермек Құралбай, Ал­мат Ләтіпбек, Дарын Өткел­бай, Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев сынды үздіктерге зор сенім артамыз.

Жастар арасынан ересектер дуына қосылғанына көп бола қоймаған Дарын Өткелбай 80 кг салмақта басты қарсыласы саналған қырғыз балуаны Қалыбек Бұ­сырманқұлұлын атынан ауда­рып тастады.

«Аударыспақтан екі дүркін әлем чемпионы атандым, енді өз жерімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында жеңіске жетуді мақсат тұтып отырмын. Қуа­нарлығы, басты қарсылас са­налған қырғызстандық спорт­­шыдан басым түстім. Тәжірибесі мол, менен жасы да едәуір ересек өте тегеурінді балуан. Ауда­рыспақтан халық­аралық до­даларға қатысып ысылған», деді Дарын.

Енді ол алтын үшін ай­қаста Нодиржан Жунайдуллаевтың күшін сынап көреді.

70 кг салмақта Алмат Лә­тіп­бекке жеребе жеңіл түскен жоқ. Бірінші айналымда Моң­ғолия құрамасының на­мысын қорғаған қазақ Ер­кінбек Өміртайды жықты. Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының алтын медалі үшін қырғызстандық Бақытгүл Райханұлымен тартысқа тү­седі. Бұл салмақтың қола ме­­далі моң­ғолиялық Еркінбек Өмір­тай мен өзбекстандық Ко­диржан Эгамбердиевке бұйырды. 60 салмақта Ертек Құралбай да финалға өтті, ол алтын медаль үшін сайыста қырғыз балуаны Жексенбек Тұрдыбекпен тартысады.