• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Қыркүйек, 2024

Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған қару-жарақ табылды

91 рет
көрсетілді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас Прокуратураның үйлестіруімен Астана және Щучинск қалаларында атыс қаруы мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қатысы бар бір топ адамды ұстады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада жүргізілген тінтулер нәтижесінде  қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған 2 «Калашников» автоматы мен 43 оқ-дәрі, ал Щучинскіде – 7 атыс қаруы, 4 тапанша және 1500-ден астам түрлі калибрлі оқ-дәрі тәркіленді. 

Табылған қару-жараққа сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр.

Жыл басынан бері ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп қарудың заңсыз айналымының 13 арнасын, сондай-ақ оны жасырын жасайтын 2 цехты анықтап, жұмысын тоқтатты. Осы іс барысында 41 автомат, 203 мылтық, 121 тапанша, 57 қол гранатасы, 1 гранататқыш, 44 жарылғыш құрылғы және әртүрлі калибрдегі 11 138 патрон табылған.