• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Қыркүйек, 2024

Колледж түлектерінің 79 пайызы жұмыспен қамтылған

65 рет
көрсетілді

Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Маман даярлаудағы маңызды қадам – бизнеспен ынымақтастық құру болып табылады. Қазіргі уақытта 518 кәсіпорын дуальды оқыту, шефтік қамқорлыққа беру секілді түрлі өзара ынтымақтастық құралдарын қолдана отырып, 410 колледжбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап жатыр. Бұл студенттерді практикалық дайындықпен және жұмыспен қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді. Қазақстанда колледж түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші 79%-ды құрайды», деп атап өтті министр Ғани Бейсембаев.

Бүгінде 772 колледж 565 мың студентке білім беріп отыр, оның ішінде 177 мың студент биыл оқуға қабылданған. 91 мың студент дуальды оқумен қамтылған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен биылғы оқу жылынан бастап колледждерде мемлекеттік тапсырыс көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 12 мыңға артып, 145 мың орынды құраған. Осылайша, сұранысқа ие мамандықтар бойынша студенттерді тегін техникалық және кәсіптік білім берумен қамту 90%-ға жетіп отыр.