• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Қыркүйек, 2024

Рудныйда екі жасөспірімді көлік қағып кеткен

44 рет
көрсетілді

Жол-көлік оқиғасы 8 қыркүйек күні 18:00-де Паркова көшесінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Volkswagen» автокөлігінің жүргізушісі жылдамдықты арттырып, жаяу жүргіншілер жолағында кәмелкетке толмаған екі қызды қағып кеткен.

Полиция аталған факті бойынша сараптамалар тағайындады. Олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

2007 және 2008 жылғы жасөспірім қыздар ауруханаға жеткізілген. 2007 жылы туған қыз Қостанай облыстық балалар ауруханасына жіберілді. Екінші қыз ауруханаға жатқызылған жоқ. Бірі мектеп оқушысы, екіншісі Рудный колледжінің студенті екені анықталды.