Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы бойынша департаментіне қарасты Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы мен қызметкерлерін ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Лауазымды тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексінің 361 (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану), 362 (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) және 366 (Пара алу) баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікке ілінді.
«Сот санкциясымен 3 қызметкерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», делінген хабарламада.
Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.