• RUB:
    5.24
  • USD:
    477.45
  • EUR:
    527.1
Басты сайтқа өту
ANTIKOR Бүгін, 15:33

Алматылықтар жемқорлық туралы хабарлап 4 млн теңгеден астам сыйақы алған

36 рет
көрсетілді

Биыл Алматыда жемқорлықтың куәгері болған 6 азаматқа 4 млн 486 мың теңге сомасында сыйақы берілген, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

«Жемқорлық туралы хабарлаған адамға берілетін сыйақының көлемі әртүрлі. Пара немесе келтірілген залал сомасы 1 мың айлық есептік көрсеткіштен (3 млн. 692 мың теңге) аспайтын болса 30-дан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйақы (110 760 теңгеден 369 200 теңгеге дейін) беріледі. Көрсетілген сомадан жоғары болса –параның 10%-ына тең болады, бірақ 4 мың айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет (14 млн. 760 мың теңге)», делінген департаменттің хабарламасында.

Сыйақының ең көбі - 3 млн. 745 мың, пара сомасының он пайызына тең болған.

Департаменттің айтуынша сыбайлас жемқорлықтың, пара берудің куәсі болған азаматтар «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы өтініш қалдыруларына болады немесе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алады.