• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Қыркүйек, 2024

Лебіздер легі «Тоғызқұмалақты 10 жасымда үйрендім»

33 рет
көрсетілді

Разван Андрей Мучица,

румыниялық ең жас тоғызқұмалақшы:

– Қазақтың зияткерлік ойыны тоғызқұмалақ туралы өткен жылы хабардар болдым. Сөйтіп, 10 жасымда үйреніп алдым. Қазір жасым 11-де. Ойынның стратегиялық және зияткерлік маңызы ерекше әсер қалдырды. Менің ойымша, тоғызқұмалақтың ерекшелігі – ақыл-ойға, тапқыр тәсілдерге негізделген зияткерлік ойын. Қазір біздің елде осы зияткерлік ойынды насихаттаумен ЮНЕСКО белсенді түрде айналысып келеді.

Өзім бұған дейін Алматыда өткен тоғызқұмалақтан әлем чемпионатына қатысып, 4-орынға іліктім. Бұл оқиға маған зор шабыт сыйлады.

Біздің елде мектеп бағдарламасына тоғызқұмалақ сабақтарын енгізу шаралары жүзеге асып жатыр. Мысалы, мен оқитын мектепте шеберлік дәрістері өтіп тұрады. Еліміз бойынша 60 мыңнан аса оқушы осы ойын түрімен айналысады деген дерек бар. Ай сайын мектептерде ата-аналар үшін тоғызқұмалақ ойынын үйренуге және түрлі сайыстарға қатысуға мүмкіндік беретін ашық сабақтар өтіп тұрады.

Астана қаласында өтіп жат­қан Көшпелілер ойынының тоғыз­құмалақ сайысына қатысуға ата-анаммен бірге келдім.