• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қыркүйек, 2024

Шымкенттегі колонияда тұтқын көз жұмды

134 рет
көрсетілді

Шымкенттегі түрмеде тұтқын қайтыс болды. Марқұмның туыстары оның түзету мекемесі қызметкерлері тарапанын физикалық күш көрсету салдарынан көз жұмуы мүмкін екенін айтып, шағымданып отыр, деп жазады Egemen.kz  Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдары туыстарының шағымын теріске шығарған. Мекеме ер адам колонияға келген уақыттан бері асқазан ауруына жиі шағымданғанын мәлімдеген. 

Бопсалау дерегі бойынша айыпталған ер адам түрмеге түскен 1 ай ішінде 5 рет медициналық көмекке жүгінген. 

Ол соңғы рет 3 қыркүйек күні ауруханаға түсіп, сол жақта көз жұмған.

Қазіргі уақытта медицина мамандары мен түзеу мекемесінің қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. 

Марқұмның артында әйелі мен үш баласы қалған.

Оның қазасына байланысты қандай бап бойынша қылмыстық іс қозғалатыны сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады.

«Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Құзырлы органдар тексеруді бастап кетті. Марқұмның туыстары оның соққыға жығылмағанына күмән келтіріп жатыр. Тексеру ақиқатты анықтайды. Нәтижесі туыстарына хабарланады», деді Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық іздестіру басқармасының №54 мекемесінің басшысы Серікбай Дүйсенов.