• RUB:
    5.25
  • USD:
    477.62
  • EUR:
    527.67
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 11:30

Астанада түнгі автобустардың қозғалысы тоқтайды

33 рет
көрсетілді

Елордада №201, 202 және 203 автобустардың қозғалысы тоқтайды. Бұл туралы «City Transportation systems» ЖШС мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Оқу маусымының басталуымен жолаушылар санының артуына байланысты, сондай-ақ қалалық бағдарларда түнгі автобустарды пайдалану тиімдірек болатынын ескере келе, түнгі маусымдық бағдарлар қозғалысын 14 қыркүйек сенбіден 15 қыркүйек жексенбіге қараған түні тоқтату шешімі қабылданды», деп хабарлады «City Transportation systems» ЖШС.

Айта кетейік, № 201, 202 және 203 түнгі бағдарлары іске қосылған күннен бастап 21 116 жолаушы тасымалданған.

№201 бағдармен 10 534 жолаушы; № 202 бағдармен 5 061 жолаушы; № 203 бағдармен 5 521 жолаушы жүрген.

Салыстырмалы түрде осы кезеңде бір қалалық бағдармен орташа есеппен 500 мыңға жуық жолаушы жүрген. Бұл түнгі бағдарларға қарағанда әлдеқайда үлкен көрсеткіш екені атап өтілді.

Түнгі бағдарлардың жұмысын жоспарлау үшін CTS алдағы уақытта сауалнама жүргізеді. Ел азаматтары  @cts_kz  Instagram парақшасының профиліндегі сілтеме арқылы сауалнамаға қатыса алады.