• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Қыркүйек, 2024

Республикалық маңызы бар жолдарда жарнама ілуге тыйым салынуы мүмкін

62 рет
көрсетілді

Мәжіліс Астана мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері туралы заң жобасы бойынша жұмысты бастады. Онда бірқатар өзекті мәселелер талқыланады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильяновтың жетекшілігімен заң жобасының таныстырылымы өтті.

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Үкіметтің заң жобасы Астана мен республикалық маңызы бар қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәселелерді шешуге бағытталғанын атап өтті. Оның аясында Жер кодексіне және оған қатысты алты заңға өзгертулер енгізіледі.Заң жобасына келесі ережелер енгізіледі:

Жасыл аймақта ландшафттардың табиғи көрінісіне теріс әсер ететін қызметке тыйым салу; Қолжетімді ортаны қамтамасыз ету; Қалалардың сыртқы келбеті және қоғамдық орындарда жарнаманың жекелеген түрлеріне шектеулер белгілеу; Астанадағы көші-қонды реттеу; Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы қызметке қойылатын талаптарды күшейту; Айыппұлды тұрақтардың қызметін реттеу және т,б.

Айта кетейік, заң жобасын талқылау жұмыс тобында жалғасады. Оған Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжметдинұлы жетекшілік етеді.