• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Құқық 13 Қыркүйек, 2024

Жалған құжатқа қарсы жүйе

67 рет
көрсетілді

Емханаларда Face-ID жүйесі арқылы жалған құжат жасауға тосқауыл қойылмақ. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, қанатқақты жоба Астанадағы медициналық-санитарлық көмек бойынша республикалық емханада іске қосылды.

 

Алдымен науқастар Face-ID және веб-камера көмегімен жеке басының сәйкестігін анықтайды. Бұл оларға көрсетілген қыз­мет туралы деректерді бұр­ма­лап, жалған есеп жазуға мүм­кіндік бермейді. Бюджет қар­жысының, сақтандырылған азаматтардың жарнасының мақсатсыз жұм­салуына жол берілмейді. Жоба келесі жылдан бастап барлық емханаға енгізіледі.

«Осы жылдың соңына дейін біз Астанада бұл қанатқақты жобаны іске асырамыз, ал 1 қаңтардан бастап оны бүкіл республика бо­йынша ауқымын кеңейтіп, таратуды жоспарлап отырмыз. Бұл жалған құжат тол­тыруды түбірімен жоқ қы­ла­тын тиімді құрал болады», деді Ақмарал Әлназарова.