• RUB:
    5.24
  • USD:
    477.13
  • EUR:
    525.85
Басты сайтқа өту
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Бүгін, 10:55

Әйгілі Кабирханның иесі көшпелілер ойындарының жеңімпазы атанды

77 рет
көрсетілді

Астанада өтіп жатқан көшпелілер ойындары аясында бәйге сайыстары басталды. Бүгін ұшқыр бәйгеден 1600 метр қашықтықты еңсерген жеңімпаздар анықталды, деп жазады Egemen.kz.

1600 метрде мәре сызығын әйгілі Кабирханның иесі Тілек Мұханбетқалиевтің «Шағала» атты жүйрігі бірінші болып кесті. Екінші орында Қазақстанның тағы бір жүйрігі «Арлан» иеленсе, үздік үштікті де еліміздің жүйрігі «Струна» түйіндеді.

1-орын: Шағала, жокей – Рамазан Табылдиев, бапкері – Нұржігіт Табылдиев, ат иесі – Тілек Мұханбетқалиев (Қазақстан);

2-орын: Арлан, жокей – Мырзабек Каппушев, бапкері – Тұрғанжан Юлдашев, ат иесі – Мерхат  Бұлғынов (Қазақстан);

3-орын: Струна, жокей – Расул Алпысбай, бапкері – Есбол Нұрасылов, ат иесі – Асылан Жиембет (Қазақстан).