• RUB:
    5.24
  • USD:
    477.13
  • EUR:
    525.85
Басты сайтқа өту
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Бүгін, 11:11

Ұшқыр бәйгеде үш жүлдені де ел жүйріктері еншіледі

59 рет
көрсетілді

2400 метр қашықтықта сөреге шыққан жүйріктер арасында жеңімпаздар анықталды. Бұл бәйгеде үш жүлде де Қазақстан қоржынына түсті, деп жазады Egemen.kz.

Ұшқыр бәйгеден 2400 метрлік аралықта шапқан 5 дөненнің (3 жасқа дейінгі) арасында желтұяғы анықталды.

2400 метрге шапқан сәйгүліктер арасында да алғашқы үштікті Қазақстан жүйріктері иеленді. Мәре сызығынан алғашқы болып «Берил Рэйсер» өтсе, екінші орынды «Адай» иеленді. Ал үздік үштікті «Роузлайн» түйіндеді.

1-орын: Берил Рэйсер, жокей әрі бапкері – Асланбек Байкенов, бапкері Асланбек Байкенов , ат иесі – Бахтияр Байзақов (Қазақстан).

2-орын: Адай, жокей – Мырзабек Каппушев, бапкері – Нұржігіт Табылдиев, ат иесі – Тілек Мұханбетқалиев, (Қазақстан);

3-орын: Роузлайн, жокей әрі бапкері – Дәурен Жүсіпов, ат иесі – Карабай КФХ (Қазақстан).