• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Шымкент 14 Қыркүйек, 2024

Орнықты дамып келе жатқан мегаполис

175 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айқындалған міндеттерді іске асыру барысымен және мегаполистің қазіргі даму деңгейімен танысу мақсатында Премьер-министр Олжас Бектенов Шымкент қаласына барды.

Үкімет басшысы «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» мұнай өңдеу зауытында түрлі отын түрлерін өндірудің техно­логиялық тізбегімен танысты. Кәсіпорын жылына 6 млн тонна мұнай өңдейді. Шығарылатын өнім түрлерінің қатарына автомобиль бензиндері, дизель отыны, авиациялық керосин, сұйытылған көмірсутек газы, мазут және басқа да мұнай өнімдері жатады.

Премьер-министрге Шымкент МӨЗ өн­дірістік қуатын жылына 12 млн тонна қайта өңдел­ген мұ­найға дейін ұлғайту жобасы­ның басталғаны туралы баяндал­ды. Олжас Бектенов ЖЖМ нарығын­дағы тұрақтылықты қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті. Қай­та өңдеу сапасын одан әрі жақ­сартып, мұнай өнімдерінің заңсыз экспортына жол берілмеуге тиіс.

«Оңтүстік» индустриалды аймағы­ның аумағында Үкімет бас­шысы сусындарға арналған алю­миний қалбырлар мен қақпақ­тар шығаратын «QazAlPack» кәсіпор­нында болды. Өндірістік қуаты жылына 1,2 млрд дана банка шы­ғаруға мүмкіндік береді. Зауытта 360 адам жұмыс істейді.

«QazAllPack» ЖШС директоры Рустам Сухов автоматтанды­рыл­ған өндіріс үдерісін таныстырып, қаптаманың бұл түрі өзінің тұ­тыну­шылық қасиеттері бойын­ша ең прогрессивті әрі экология­лық таза екенін айтты. Заманауи сапа стандарттары бойынша өндірілетін өнімдер ішкі нарықта сатылып, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан елдеріне экспортталады. Мемлекеттік қолдау шара­лары мен ИА аумағында құ­рыл­­ған қолайлы жағдайлардың арқа­сында компания 2025 жылға қарай екінші өндірістік желіні іске қосып, өнім көлемін 2,3 млрд банкаға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов Шымкент қаласының индус­триалды негізін жалпы ауда­ны 1 276 гектар 7 өнеркәсіп аймағы құрайтынын, бүгінде 293 жоба іске асырылғанын, 8,2 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылғанын баяндады. «Оңтүстік» инвестициялық портфеліне жалпы құны 151,3 млрд теңгені құрай­тын 70 жоба кіреді.

Сапар барысында Премьер-министр жаңа салынып жатқан бірқатар әлеуметтік және жол нысандары мысалында Шымкент қаласы бас жоспарының іске асы­рылуымен танысты. Онда жыл соңына дейін 2,6 мың пәтер­ге арналған 66 тұрғын үйді пай­далануға беру жоспары туралы баяндалды. Биылғы қорытынды бо­йынша 1,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр. Тұрғын аудандарда жайлы мектептер, емханалар, заманауи спорт кешендерінің, сондай-ақ Оқушылар сарайының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Премьер-министр 36 тұрғын үй салынып жатқан Ақжайық шағын ауданын аралау барысында құрылыс сапасына және отандық тауарлар мен қызметтердің үлесін одан әрі арттыру қажеттігіне назар аударды.

Сондай-ақ Үкімет басшысына қаланы айналып өтетін транзиттік көліктің өтуін қамтамасыз ету үшін ұзындығы 28,2 км «Қорғас – Алматы – Шымкент – Өзбекстан Рес­публикасы шекарасы» А-2 автожолын реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы баяндалды.

Қаланың одан әрі дамуы, өндірістік қуаттардың кеңеюі және жаңа инфрақұрылымдық жоба­лардың іске қосылуы тұрақ­ты және үздіксіз энергиямен жабдықтауды талап ететіні атап өтілді. Бүгінгі таңда Шымкентте жеке өндірілетін энергияның жалпы қуаты 120 МВт-ны құрайды, сонымен бірге қала 400 МВт, сұраныстың ең жоғары кезеңдерде – 500 МВт қуатты тұтынады.

Үкімет басшысы қазіргі уақытта Қазақстанның энергетикалық секторы елімізде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70%-ын қамтамасыз ететін көмір электр стансаларына қатты тәуелді екенін атап өтті. Алайда бұл модель күрделі мәселелерге тап болуда, өйткені жұмыс істеп тұрған стансалардың тозу деңгейі жоғары. Биылғы 6 қазандағы референдумда оң шешім қабылданған жағдайда атом электр стансасы осы проблемалардың шешімі бо­ла алады. АЭС тұрақты энергиямен қамтамасыз ете алады. АЭС құ­­ры­лысы энергетикалық және өнер­­кәсіптік өндірісті әртарап­тан­дыруға ықпал етеді, бұл ретте қалдықтарды жинау мен сақ­тау­дан бастап утилизация мен қай­та өң­деуге дейінгі басқарудың бар­лық аспектілері ескеріледі.

Сондай-ақ О.Бектенов ауыл ша­руашылығындағы өңдеу, фар­ма­цевтика және тамақ өнер­кәсібі салаларының өкілдерімен кездесті. Президент Жол­дауын­дағы өнеркәсіптік әлеуетті толық ашу және экономика өсімінің жаңа нүктелерін дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыру барысы мен шаралары талқыланды.

Премьер-министр қаланың өнеркәсіптік әлеуетімен танысты. «Химфарм» фармацевтикалық зауытының аумағында Үкімет басшысына өндірістік қуаттар жыл сайын 1 млрд бірлікке дейін таб­лет­калар, капсулалар мен түйір­шік­тер, 250 млн ампула инъек­ция­лық ерітінділер және бас­қа­сын шығаруға мүмкін­дік бере­­тіні баяндалды. Фармацев­тика­­лық кәсіпорын 89 аталым бо­йын­ша дәрілік заттарды жеткізеді. Қала­ның фармацевтика саласында кәсіпорынның үлесі – 99,2%-ды, республика бойынша 43%-ды құрайды. Кәсіпорында 897 адам жұмыс істейді. Қызметкерлер Еуропа елдерінде үнемі бейіндік оқытудан және біліктілігін арттырудан өтеді. Үкімет басшысы фармацевтика өнеркәсібіндегі отандық өндірістің үлесін одан әрі арттырудың маңызын атап өтті.

Шымкент қаласының Алтын­төбе елді мекеніндегі «Алан және Компания» джем мен шырын өндіретін кәсіпорнына барған кезде зауыт сағатына 7 тоннаға дейін көкөніс пен жемістерді өң­деуге мүмкіндік беретін заманауи жаб­дықтармен жабдықталғаны баян­­далды. 45 гектар жерге там­шы­­ла­тып суару жүйесі орна­тыл­ғ­ан, алма, шабдалы, алмұрт және жү­зім өсіріледі. Компанияға «Ин­вес­­ти­циялық салымдар кезін­­де АӨК субъек­тісі шеккен шығыс­тар­­дың бір бөлігін өтеу бойынша суб­­си­­диялау» бағдарламасы шең­­бе­рін­де мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Импортты алмастыру мақ­сатында 2024-2028 жылдарға ар­нал­ған ауыл шаруашылығы өнім­дерін қайта өңдеуді дамыту жөнін­дегі кешенді жоспарға саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі қадамдар енгізілді. Ол үшін қайта өңдеу кәсіпорын­дарын сапалы шикізатпен қамтама­сыз ету, сақтау сыйымдылықтары мен технологиялық жабдықтарды жаң­ғырту үшін инвестиция­ларды белсенді тарту, сондай-ақ қосымша өндірістік қуаттарды құру көзделген. Премьер-министр аталған шаралар салаға елеулі қолдау көрсететінін және отандық қайта өңделген өнімдер өндірісін ұлғайтуға ықпал ететінін атап өтті. Бұл ішкі нарықты толтыруға және импортты алмастыру мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Жұмыс сапары барысында Үкімет басшысы The Coca-Cola Com­pany сауда белгілері бар алкоголь­сіз сусындар шығаратын жаңа зауыт­пен танысты. «Кока Кола Ал­маты Боттлерс» бірлескен кәсіп­орны Шымкент қаласындағы сауда-ло­гис­тикалық орталықтың аума­ғын­да орналасқан. Кәсіпорын газдал­ған, газдалмаған сусындар мен бөтел­кедегі суды өндіреді, зауыт­тың қуаты – жылына 283 млн литр. 100 жұмыс орнын ашатын жобадағы инвестиция сомасы 27 млрд теңгені құрайды.

Премьер-министр жергілікті жер­лерде инвесторларға көрсеті­летін қолдау шараларына, сондай-ақ олар шығаратын өнімнің сапасын үнемі арттырудың маңызына назар аударды. Президент Жол­дауын­да жүктелген міндеттерді іс­ке асыру аясында дамудың әрі қа­рай­ғы келешегіне назар аударылды.

«Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдерге экономиканың құ­ры­лымын өзгерту мәселесіне ерек­ше назар аударуды, еліміздің ор­нық­ты ілгерілеуін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа тетіктерді қа­рас­тыруды тапсырды. Жеке ин­вес­тицияларды тарту маңызды. Жаңа кәсіпорындар ашылады, өйт­кені бұл экономикалық тұр­ғы­дан тиім­ді. Сонымен қатар өнер­кәсіптің әлеуе­тін одан әрі ашу қажет. Біздің алдымызда өң­деу үлесін 70%-ға дейін жет­кізе отырып, бастапқы өндіріс­тен жоғары деңгейде өңделген өнім­дер шығаруға көшу міндеті тұр. Үкімет өз кезегінде инвесторларға ел экономикасы үшін маңызды жоба­ларды іске асыруда қолдау көрсетеді», деп атап өтті О.Бектенов.

Премьер-министр бизнесті қол­даудың қолданыстағы шара­ларының тиімділігі мен нақты­лығын одан әрі күшейтудің ма­ңы­зына назар аударды. Өз ке­зе­гінде бизнестен экология­ны қорғауға, мектептер мен балабақшаларды және басқа да әлеуметтік нысандарды абат­тандыруға, жаңғыр­ту­ға үлес қо­сатын әлеуметтік жауап­кершілік күтіледі.