Жарыстың соңғы күні түрік халқының зияткерлік ойыны мангаладан ел құрамасы төрт жүлде алып, көңілімізді тағы бір серпілтіп тастады.
Әйелдер арасында Құндыз Есіркеп алтын жүлде алса, Айкерім Қуанышбекова қола жүлдеге ие болды. Ерлер арасында Биғали Зкиряев алтын жүлдені мойынға тақса, Азамат Қайдаров қола жүлде еншіледі. Осылайша, зияткерлік ойынның шеберлері командалық есепте де алтын медаль жеңіп алды.
Сөйтіп, Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының зияткерлік ойындарында ел құрамасының атынан сынға түскен өрендердің барлығы да сәтті өнер көрсетті. Жекелей сындардағы үздік нәтижелердің есесіне, командалық есепте де қарсыластарынан басым болды.