• RUB:
    5.16
  • USD:
    530.24
  • EUR:
    543.97
Басты сайтқа өту
Есірткі 14 Қыркүйек, 2024

ІІМ жанынан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылды

201 рет
көрсетілді

Қазақстанда Ішкі істер министрлігі жанынан жаңа комитет құрылды. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті ҚР Ішкі істер министрлігін құратын тағы бір бөлімше болады.

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылсын. Үкіметтің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін», - делінген құжатта.

Енді ІІМ құрамына мыналар енеді:

Қазақстан Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы;Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті;Әкімшілік полиция комитеті;Көші-қон қызметі комитеті;Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті.Қаулы қол қойылған күннен бастап, яғни 2024 жылғы 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.