Щучинскіде 12 жастағы қыз бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдары ақпаратты растады.
- Бурабай ауданының полиция бөлімі бұл оқиға 14 қыркүйекте Щучинск қаласында болғанын хабарлайды. 12 жастағы қыздың 5-қабаттағы пәтерінің терезесінен құлап кеткені алдын ала анықталған. Осы дерек бойынша соталды тергеу басталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп нақтылады аудандық бөлімде.
Полицияның мәліметінше, қыз ауруханада жатыр.