• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Қыркүйек, 2024

Су саласы: Ведомство шетелдік профессорларды әкелуге ниетті

105 рет
көрсетілді

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сала министрі Нұржан Нұржігітов Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның Атқарушы хатшысы Армида Алишахбана бастаған БҰҰ делегациясымен кездесті.

«Еліміздегі 9 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Биыл «Болашақ» бағдарламасына су саласының мамандықтары қосылды. Қазақстанның 2 университеті Ташкент ирригация және ауылшаруашылығын механикаландыру инженерлері институтымен қосдипломды білім берудің бірлескен бағдарламасын іске қосты. Тараз қаласында жеке Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылды.  Ендігі мақсатымыз – осы оқу орындарына шетелдік үздік профессор-оқытушыларды әкелу. Біз Қазақстанға келуге ниетті немесе қашықтан оқытуға дайын мамандармен жұмыс істеуге әзірміз», деді Нұржан Нұржігітов.

Армида Алишахбана:

«Біз өз тарапымыздан Қазақстан Республикасының «Халықаралық Аралды құтқару» қорына төрағалығы аясында Орталық Азия мемлекеттерінің трансшекаралық су ресурстарын пайдалану мәселесін реттеуге көмек көрсетуге дайынбыз. Сондай-ақ, Қазақстан мамандарын су саласында тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылатын біздің түрлі іс-шараларымызға және мұздықтарды қорғау жөніндегі халықаралық жобаға қатысуға шақырамыз», деді.